«Tap-Taza» ас үйді тазалауға арналған сұйықтығы, «Жапон теңізі», спрей, 500 мл
"Tap-Taza" ас үйді тазалауға арналған сұйықтығы – бұл тиімді сұйықтық ас үй беттерінен, раковиналардан, керамикалық беттерден ластануды оңай кетіреді. Осы сұйықтықпен барлық жерде жылтырлық мен тазалыққа кепілдік беріледі.
Жеңіл теңіз самалы балғындық атмосферасын толықтырады! Спрей пішіні пайдалануды жеңілдетеді!

  • Балғындық пен тазалық!
  • Қолданудағы жеңілдік пен ыңғайлылық!
  • Бактерияға қарсы әсері бар!
Сипаттамасы:
Ас үйді таза ұстауға арналған әмбебап сұйықтық. Кірді, майды оңай және тез жуады. Тазалық тез және оңай! Толығымен жуылады!

Қолдану тәсілі:
— сұйықтықты бетіне 15-20 см қашықтықтан шашыратыңыз, қажет болса, ластануды ысқышпен кетіріңіз, сумен шайыңыз немесе шүберекпен құрғатыңыз;
— қатты ластанған жағдайда процедураны қайталаңыз;
— көзге тиген кезде сумен шайыңыз

Қолайлы:
— кез келген ас үй беттері;
— раковиналар мен шұңғылшалар;
— үстелшелер, керамикалық плиткалардан жасалған фартуктар және ас үй қасбеттері;
— тоңазытқыштар, микротолқынды пештер, жайпақ қаңылтыр табалар, ас үй плиталары (шыны керамиканы қоса алғанда) үшін

Қолдануға болмайды:
— ыстық және зақымдалған беттерде;
— өңделмеген ағаш беттерде

Маңызды:
— балалардан қорғау керек;
— сұйықтықты ішке қабылдауға болмайды;
— кездейсоқ жұтып қойған жағдайда - ауызды шайып, дәрігерге қаралу керек;
— басқа сұйықтықтармен араластыруға болмайды;
— көзге тиген кезде сумен шаю керек.
— жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау керек:
— ауаның ылғалдылығы 80% -дан аспайтын құрғақ үй-жайларда бастапқы ыдыста;
— +5 °С төмен емес және +35 °С жоғары емес температурада;
— жарамдылық мерзімі 36 ай

Құрамы: амфотерлі ББЗ, иондық емес ББЗ, ЭДТА, бояғыш, хош иіс, консервант, су

Өндіруші: Қазақстан, "МедиДез ҒӨБ" ЖШС
Сізге ұнауы мүмкін